«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мeкeмeciнің ережесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 46 Қаулысы (2015.08.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мeкeмeciнің ережесін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 46 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 46 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
13 наурыз 2014 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттік мeкeмeci туралы
ЕРЕЖЕ
1. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Ма??ыстау облысыны? жолаушылар к?лігі ж?не автомобиль жолдары бас?армасы
Сұрақ: Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?
Жолаушы намазы
С: Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?
Ж: Иә. Фиқһ кітаптарында жолаушыға байланысты арнайы үкімдер берілген.
С: Оның намазға байланыстылары қандай?
Ж: Түйенің жүрісімен немесе жаяу жүріспен үш күндік жолға ниеттеніп, өзінің тұрғылықты жерінен шықса төрт рәкәғатты намаздарды екі рәкәғат етіп қысқартып оқиды. Яғни, бесін, екінті, құптан намаздарын екі рәкәғат қылып оқиды. Ақшам мен үтір, сүннет, нәпіл намаздарын толық оқиды.
С: Төрт рәкәғат намаздарды қысқартпай оқыса сауабы көп бола ма?
Ж: Қысқарпай оқу мәкруһ. Өйткені қысқартып оқу бекітілген сүннет.
С: Мәкруһ болса да қысқартпай оқыса, екі рәкәғаты парыз болып есептеле ме?
Ж: Егер төрт рәкәғат етіп оқып, екінші рәкәғатында тәшәһһудке отырса, осы екі рәкәғаты парыздың орнына кетеді. Қалған екі рәкәғаты нәпіл намаз болып саналады.
С: Егер екінші рәкәғаттан кейін тәшәһһуд оқу мөлшеріндей отырмаса үкімі қандай?
Ж: Парыз дұрыс болмайды. Намазын қайта оқу керек.
С: Жолаушының кей уақыттары төрт рәкәғатты намазды толық оқуына бола ма?
Ж: Иә. Егер тұрғылықты имамға ұйыса толық қылып оқуына болады. Сондай-ақ, бір елді мекенде он бес күн қалуды ниет етсе төрт рәкәғат қылып оқиды.
С: Он бес күннен аз тұруды ниет етсе не болады?
Ж: Толық оқымайды, қысқартып оқиды.
С: Жолаушы бір елді мекенге он бес күн қалуды ниеттенбей кіріп, күн сайын ертең қайтамын деп жүріп көп күн қалып қойса үкімі қандай?
Ж: Мұндай ниетпен тіпті жыл бойы қалса да намазын қысқартып оқиды.
С: Мұсылман әскері жаудың жерінде он бес күн қалу ниетімен кірсе, намаздарын толық оқи ма?
Ж: Соғыс жағдайында жүргендіктен олардың ниеттері есептелінбейді. Сондықтан да намаздарын қысқартып оқиды.
С: Жолаушы тұрғылықты кісілерге имам болса намазды қысқартып оқи ма?
Ж: Иә, қысқартып оқиды. Артындағы кісілер имам сәлем бергенде тұрып, намаздарын толықтырады.
С: Мұндайда жолаушының артындағы ұюшыларға ескертуі керек пе?
Ж: Сәлем берген соң артындағыларға қарап: «Біз жолаушы едік. Намаздарыңызды толықтырыңыздар», – деп ескертуі мұстахаб.
С: Егер жолаушы Мекке мен Минада он бес күн қалуды ниет етсе, оның үкімі жолаушы ма, әлде тұрғылықты ма?
Ж: Ол жолаушы болып есептеледі. Өйткені тұрғылықты болу үшін бір елді мекенде қалуды ниеттенуі керек.
С: Егер жолаушы отанына қайтып, онда он бес күннен аз болатын болса, намазын қысқартып оқи ма?
Ж: Жолаушы отанына оралып, онда тіпті, бір сағат қана қалатын болса да намазын толық оқиды.
С: Туып-өскен отанынан басқа аймаққа көшкен адам қажеттіліктерімен алғашқы отанына барғанда намазын қысқартып оқи ма, толық оқи ма?
Ж: Егер алғашқы отаны үш күндік не одан да көп жол жүретіндей қашықтықты болса қысқартып оқиды. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп, кейін Меккеге кіргенде намазын қысқартып оқыған.
С: Сапарда қаза болған намаздарының қазаларын тұрғылықты кезінде және керісінше тұрғылықты кезінде қаза болған намаздарының қазаларын жолаушы кезінде қалай өтейді?
Ж: Негізінде намаздың қазасы оның қандай намаз екендігіне байланысты. Сапар намазының қазасын сапардағыдай қысқартып оқиды. Тұрғылықты кезіндегі намазының қазасын толық өтейді.
С: Бұл рұқсат намазды себепсіз қаза еткен мен себеппен қаза еткенге бірдей ме?
Ж: Екеуіне де бірдей.
С: Қазіргі заманда адамдар машиналармен, ұшақтармен сапар шегеді. Баяғыдай қиындық көрмейді. Соған қарамастан намаздарын қысқартулары керек пе?
Ж: Намаз қысқартылатын қашықтыққа сапарға шықса намаздарын қысқартады. Мұнда үкім қиындыққа емес, сапарға негізделген.
С: Жолаушыға екі намазды – бесін мен екінтіні және ақшам мен құптанды біріктіріп оқуына бола ма?
С: Мұны қалай түсіндіруге болады?
Ж: Іс жүзінде біріктіруге бесінді соңғы уақытында, екінтіні алғашқы уақытында, ақшамды соңғы уақытында, құптанды алғашқы уақытында бірік-
тіріп оқу жатады. Фиқһ ғұламалары мұны суреттеп біріктіру деп атайды. Ал, біздің мазһабта екі намазды бір намаздың уақытында оқуға болмайды. Мұндай екі уақытты біріктіруді фиқһ ғұламалары шынайы біріктіру деп атайды.
Ақмола облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Аппарат кеңесінде аймақтағы жол жөндеу жұмыстарының және дене шынықтыру мен спортты дамытудың барысы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сай облыс әкімі жиналғандарға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа басшысы Жоламан Бәкішевті таныстырып, қызметіне табыс тіледі. Осы басқарма басшысының орынбасары Дудар Сағитовтың жасаған баяндамасында облыста 7890 шақырым жол бары айтылды. Оның 2260 шақырымы республикалық, 2665 шақырымы облыстық маңызға ие. Осы күні бұл жолдардың біразы жөндеуді талап етеді.
2017 жылы басқармаға осы мақсатқа 11,7 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 5 миллиардқа жуығы республикалық, қалғаны облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Бұл қаржыға 177,7 шақырым жергілікті маңыздағы жолдар жөнделуі тиіс. Бұл жұмыс бес бағдарлама аясында жүзеге асырылмақшы. Соның ішінде Астананың іргесіндегі елді мекендерді және Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға қатысты жұмыстар ерекше орын алады.
Баяндамашы осы жұмыстардың барлығын егжей-тегжейлі айта келе, облыс әкімінің қойған сауалдарына да жауап беруіне тура келді. Аймақ басшысы әсіресе, жолдарды жаңартуға және жөндеуге бөлінген қаржының тиімді жұмсалып, толық игерілуіне баса екпін қойды.
Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткинаның да баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда жаңадан 71 спорт қондырғысы іске қосылған екен. Баяндамашы аймақта кейбір спорт түрлерінің дамымай отырғанын айтып, шеттен шақырылатын жаттықтырушыларға пәтер болса деген тілегін жеткізді. Жергілікті «Оқжетпес» командасының стадионын жөндеу мәселесі де сөз болды.
Кеңесті қорытындылаған аймақ басшысы стадионның қайта жаңартылатынын атап өтті.
Дәріс тақырыбы «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ»
ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Жолаушы тасымалдары бөлек заңды тұлға ретінде 1998 жылдың 14 сәуірінде №245-Ц бұйрығына сәйкес қызмет атқарады, ал 2002 жылдың 21 мамырынан бастап, «Жолаушы тасымалдары» ашық акционерлік қоғамы ретінде қызмет атқарады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 27 сәуіріндегі №479 «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» жабық акционерлік қоғамының қызметін құрастыру мен ұйымдастыру сұрақтары туралы үкім»).
2005 жылы «Жолаушы тасымалдары»ашық акционерлік қоғамы»(әрі қарай – «Жолаушы тасымалдары» ААҚ) «Жолаушы тасымалдары» акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді (ары қарай –«Жолаушы тасымалдары» акционерлік қоғамы).
Қазақстан Республикасының темір жол көлігін заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 4 ақпандағы №145 үкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдар аралығындағы темір жол көлігін қайта құру бағдарламасын (әрі қарай – қайта құру бағдарламасы)іске асыру басталды.
Қайта құру бағдарламасының төңірегінде алты акционерлік қоғамдардың: «Алматы вагон жөндеу зауыты», «Вокзал-сервис», «Қаламаңдық тасымалдар», «Багаж тасымалдары», «Жолаушы лизингтік вагон компаниясы», «Вагон-сервис»; «Жолсерік-Алматы» жауапкершілігі шекткулі серіктестіктің (әрі қарай «Жолсерік- Алматы ЖШС»,сондай-ақ жолаушы тасымалдары бойынша төрт филиалдардың – «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік» және «Экспресс» құрылуы «Жолаушы тасымалдары» АҚ жұмысындағы маңызды кезең болады.
«Жолаушы тасымалдары» АҚ жоғарыда айтылған заңды тұлғалардың 100% акционері және қатысушысы болып табылады (бірақ «Жолаушы тасымалдары» АҚ «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ акциялар пакетінің үлесі 47% құрайды) (1.1-сурет).
Батыс Қызылорда, Қостанай
Солтүстік Қарағанды, Ақтөбе
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 қарашасындағы №1188 үкімімен «Әлеуметтік жағынан маңызды қатынастарда жолаушы тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығынын өтеу тәртіптері »бекітіледі.
Бұл тәртіптер Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігі(әрі қарай ҚР ККМ) әлеуметтік жағынан маңызды қатынастарда жолаушы тасымалдарының шығыны республикалық қазынадан өтелетін компанияларды анықтау бойынша ашық конкурс(әрі қарай Конкурс) жүргізуге мүмкінді берді.
Қазақстан Республикасы өкіметінің 2004 жылдың 25 желтоқсанындағы №1389 «Ұлттық темір жол компаниялары мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір сұрақтары туралы» үкімімен «Жолаушы тасымалдары» акционерлік қоғамына Ұлттық тасымалдаушы статусы берілді.
Бұл кәсіпорынның сәйкес функционалдық және аймақтық филиалдық құрылымы бар.
Жолаушы тасымалдарының құрылымдық бөлімдері:
Сонымен қатар «Жолаушы тасымалдары» АҚ келесі заңды тұлғалардың 100% акционері және қатысушысы болып табылыды:
«Қаламандық тасымалдар» АҚ- ішкі және ауданаралық қатынастағы жолаушы тасымалдары;
«Вокзал-сервис» АҚ- вокзалдарды ұстау, вокзалдарда сервисті ұйымдастыру, халыққа анықтама – ақпараттық қызмет көрсету;
«ЖолаушыТранс»Компаниясы» ЖШС – жолаушыларды ішкі,обылысаралық,республика ішіндегі қатынастарда тасымалдау;
«Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ (47%) – жолаушы вагондарын капиталды және деполық жөндеуден өткізу.
Қазіргі кезде жолаушыларды тасымалдау теміржол көлігінде алатын орны өте зор, басқа көліктерге қарағанда, болашақта да осы қарқынын сақтап қалады.
Жүріп өтетін жолдың және баратын стансаның ұзақтығына байланысты жолаушылар пойызы
2-і және оданда көп жол басқармасын басып өтеді.
Бір жол басқармасының ішінде жүреді
Екі қала арасына және үлкен қатар типтес ауылдарға Қатынайды (150 км дейін). Қатынастың түрлеріне байланысты жолаушылар пойызы келесі категорияға бөлінеді
2-і жол басқармасын басып өтеді
Бір жол басқармасының ішінде жүреді(700км дкм дейін)
Ұзаққа және жергілікті пойыздар өз кезегінде
Бұларды құрастырғанда жоғарғы жабдықталған вагондарды жалғайды,олардың салмағы мен жолаушылар отыратын орындары аз болады,мұндай пойыздар тоқтаусыз 200-300км жүре алады,тоқтау уақыты өте аз келеді.Бұларға фирмалық пойыздар жатады
Бұларды аз жабдықталған вагондармен құрастырады,бұларға купе,плацкарт және отырып бартын вагондарды жалғайды
Аз салмақты жолаушылар көп жерлерге жүреді,үлкен қалалардан басқа тоқтау пунктерінеде тоқтайды
Пойыздарды аз жүретін жолдарда,жолаушылар ағымы онша көп емес.Жолаушылар және жүк вагондарымен құрастырылады,салмағы жүк пойыздарындағыдай болады
Почта мен багаж тасу үшін пайдаланылады, бұларға жолаушылар вагондарын жалғай алады, жылдамдығы жолаушылар пойыздарымен тең
Жүріп өтетін жолдың және баратын стансаның ұзақтығына байланысты жолаушылар пойызы үш түрге бөлінеді.(1.1-кест
Сондықтан да жолаушылар паркін қазіргі заманға сай ету бүгінгі күннің шешілмей келе жатқан проблемасы болып қала бермек
Жолаушылар пойыздарын жүру кестесі негізінде ұйымдастырылады, онда пойыздарды стансадан жөнелту және келесі стансаға қабылдау және жүріп өткен жолы көрсетіледі.
Жүру кестесі пойыздар жүріс графигі негізінде құрастырылады, жүк және жолаушылар пойыздарын өңдеу арқылы. Пойыздар жүріс графигіне енгізілген әрбір пойызға тақ немесе жұп нөмірін береді.(1.2-кесте)
1.2- кесте Жолаушылар пойыздарының нөмерлері
Шымкент келбеті
Ержан ЖОЛДАСОВ, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАУІПСІЗ, ӨМІРІН ЖАЙЛЫ ЕТУ Избранное
–Ержан Жақсылықұлы, Шымкент қаласында өткен жылы өте ауқымды жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Биыл бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
—Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болуына байланысты соңғы жылдары шаһардағы жол инфрақұрылымын дамытуға айрықша назар аударылып отыр. Мәселен, биыл барлығы 128 нысанда жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 253 шақырым. Оның ішінде жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілсе, қайта құру жұмыстары 8 шақырымдық 3 жолда жүргізілуде. Мұнан бөлек қазір 4 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның жалпы ұзындығы – 49 шақырым. Жалпы ұзындығы 138 шақырымды құрайтын 109 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
—Өткен жылы бір мезетте көптеген көшелерде құрылыс жүруіне байланысты кептеліс болып, тұрғындар арасында наразылық пен түсінбеушілік туындаған еді. Биыл бұл мәселе ескерілді ме?
—Өткен жылы қалада 25 магистралды көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Соған байланысты кептелістің біршама көбейгені рас. Бірақ, биыл 7 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 2-еуі, атап айтқанда, Республика даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесі өткен жылдан өтпелі нысандар. Оған қоса биыл Б.Момышұлы, Ғ.Иляев, К.Цеткина, Ақназар хан секілді көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы, аяқ жолдар мен ирригациялық жүйелер жаңартылуда. Биыл орташа жөндеу жүргізіліп жатқан осы 7 нысан мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан 4 нысанның жұмыстары толығымен аяқталады. Бір сөзбен айтқанда, орталық көшелерде былтырғыдай көп жұмыс жоқ. Сондықтан кептеліс көп болмайды деп ойлаймыз.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев ірі қалалардың шетінде орналасқан елді мекендерді дамытуға баса назар аудару жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай биылдан бастап ішкі орам жолдары мен шалғай елді мекендердің көшелеріне басымдық беріп отырмыз. Құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары сол жерлерде көптеп жүргізілуде.
Бүгінгі таңда атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі – шағалтас төсеу. Қазір жалпы ұзындығы 153 шақырымды құрайтын көшелерге шағалтас төселуде. Оның басым көпшілігі Қаратау ауданының еншісінде. Себебі, осы ауданда жаңадан қалыптасып келе жатқан елді мекендер мен шағынаудандар көп. Алайда мұның өзі аздық етіп отыр. Тұрғындардан «көшемізге тас төсеп берсеңіздер» деген өтініштер көптеп түсуде. Осыған орай біз құжаттарын әзірлеп, қосымша қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдадық. Жақында қалалық мәслихаттың сессиясында ол мақұлданып, қосымша қаржы бөлінді. Осылайша биыл топырақ жолдардың мәселесі біршама шешімін таппақ.
—Қонаев-Рысқұлов қиылысындағы жолайрық пен Д.Қонаев даңғылының жалғасында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайы туралы айтып өтсеңіз.
—Жолайрықтың құрылысы 2020 жылы 15 қазанда басталғаны белгілі. Бірінші кезеңдегі жұмыстар аяқталып, қазір екінші кезең жалғасуда. Өткен айда барлық инжинерлік-коммуникациялық желілер көшірілді. Қазір Д.Қонаев даңғылы мен Бәйдібек би көшелерінде тоннель қазылып, бетоннан тіреуіш қабырғалар құйылуда. Оған қоса 48 сваи қағылып, оған тоннельдің 24 балкасы орнатылуда. Жақында Т.Рысқұлов көшесінің де бір қапталы уақтылы жабылып, құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Жолайрықты «Базис-А» корпорациясы салып жатыр. Бұл компанияның осындай күрделі нысандардың құрылысын жүргізу бойынша мол тәжірибесі бар. Оның үстіне қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысандағы жұмыстарды жеке бақылауына алған. Апта сайын құрылыстың басына барып, жұмыс барысымен танысып, сапаның тиісті деңгейде болуын қадағалап келеді.
Айта кетейік, жоба бойынша бұл нысан 36 айда салынуы тиіс. Бірақ, жолайрықтың қаланың орталығында орналасқанын ескере отырып, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту үшін жұмыстар күндіз-түні жүріп жатыр. Д.Қонаев даңғылындағы тоннелді биыл 1 қазанға дейін, ал, Т.Рысқұлов көшесіндегі айналма жолды 1 қарашаға дейін ашу жоспарланып отыр. Жалпы, жолайрықтың құрылысын жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Ал, Д.Қонаев даңғылының жалғасына келетін болсақ, бұл жұмыстар 5 кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде Ескі қалашық маңындағы жұмыстарды «Отау құрылыс» компаниясы жүргізіп жатыр. Өткен айдан бері ескі қалашықтағы жолдың жабылғанын тұрғындар жақсы біледі. Екінші кезеңде ескі автовокзалдың маңында ұзындығы 600 метрлік тоннель салынады. Қазір онда қазу және инжинерлік-коммуникациялық желілерді көшіру жұмыстары жүруде. Бұл құрылыс аумағында кейбір коммерциялық нысандар орналасқан. Оның жерін мемлекет мұқтаждығына алу үшін қазір түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге бүгінде үшінші кезеңнің жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Ол В.Терешкова көшесінен басталып, темір жолдың астынан өтіп кетеді. Қазір ол жерде де бетоннан тіреуіш қабырғалар құйылуда. Шілде айында Ресейден ұзындығы 45 метрлік үлкен балкалар келуі керек. Сол кезде теміржолдың астынан тоннель салынады. Төртінші кезеңде Бадам өзені арқылы өтетін көпір дайын тұр. Ал, бесінші кезең ары қарай айналма жолға ұласып кетеді. Д.Қонаев даңғылының құрылысы аяқталған кезде бұл нысан қалада кептелістің азаюына зор септігін тигізері сөзсіз.
—Былтыр Ж.Адырбеков көшесінің бір бөлігі кеңейтілді. Осы жұмыс 2021 жылы жалғасады делінген еді. Әзірге ол жерде құрылыс жұмыстары басталмаған сияқты.
—Иә, Ж.Адырбеков көшесінің қалған бөлігі де кеңейтіледі деп жоспарланғаны рас. Алайда, біз бұл жобаны әзірге тоқтатып, қайта қарауға жолдадық. Мұның негізгі 2 түрлі себебі бар. Біріншіден, жолайрықтың құрылысына байланысты көлік ағыны Дулати, Қазыбек би және Ж.Адырбеков көшелеріне қарай бағытталуда. Егер Д.Қонаев даңғылын ашпай тұрып, бұл 3 көшенің біреуін жабар болсақ кептеліс мәселесін шешу мүмкін емес. Екіншіден, Ж.Адырбеков көшесін кеңейту үшін бірқатар коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлерді мемлекет қажеттілігіне алып, бұзуға тура келеді. Бұл қаншалықты тиімді? Міне, осы сұрақтың жауабын жан-жақты зерттеп, қайта қарау үшін жобаны уақытша тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданды.
—Бәйдібек би даңғылы қаладан Бозарық, Тұран мен Шымкент ситиге қарай шығатын жалғыз жол болып тұр. Қазірдің өзінде дендросаябақтың, зообақтың тұсында жиі кептеліс болады. Болашақта жоғарыда аталған шағын аудандарда халық саны көбейе берері анық. Қ.Төлеметов көшесінен Тұран мен Шымкент-ситиге қарай шығатын балама жолдар керек екені көрініп тұр. Қаланың Бас жоспарында мұндай жолдар қарастырылған ба? Болса қай тұстан, қашан салынатынын айта аласыз ба?
—Қазір С.Бәйтереков көшесі кең болып келеді де Қ.Төлеметов көшесіне жеткенде аяқталып қалады. Ары қарай Қайтпас шағын ауданына кіретін Ы.Алтынсарин атындағы жіңішке көше бар. Бүгінде сол Ы.Алтынсарин көшесін кеңейтіп, қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Көшенің бір қапталындағы нысандар бұзылып, ол 4 жолақты магистралды жолға айналады. Сөйтіп, С.Бәйтереков көшесінен келген көліктер тіп-тіке Қайтпас шағын ауданын кесіп өтіп, ары қарай қырға көтеріліп кетеді. Ол жақта Тұран шағын ауданының дайын жолдары тұр. Яғни, А-2 тас жолы мен Тұран шағын ауданынан басталып С.Бәйтереков, Ж.Адырбеков көшелері арқылы қаланың орталығына дейін жетіп, Төле би көшесіне дейін баруға болады. Осылайша, бұл – Бәйдібек би көшесіне балама жол болады.
—Шаһарда жол инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін қандай жоба-жоспарлар бар?
—Жоба-жоспарлар өте көп. Әзірге үшеуін айтайын: Біріншісі, Д.Қонаев –Т.Рысқұлов қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяталған соң, бәлкім осы жылдың соңына қарай Бәйдібек би мен Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысында екінші жолайрықтың құрылысы басталады. Бірақ, бұл жерде жол толық жабылмайды, тек бір жағын ғана жауып істеу көзделіп отыр.
Екіншісі, Қ.Қазиев көшесінің жалғасы салынады. Қазір бұл көше Ұ.Арғынбеков көшесінің тұсынан аяқталады. Енді жасалып жатқан жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес, оны Қ.Төлеметов көшесіне дейін ұзарту көзделген.
Үшінші жоба Т.Өтегенов көшесіне қатысты. Бұл да кең, магистралды жол болғанымен, Қ.Төлеметов көшесіне барып аяқталып қалады. Жобаға сәйкес оның жалғасын салып, Ақжайық шағын ауданының ортасымен кесіп, Асар шағын ауданына дейін жеткізу көзделген. Сонда Т.Рысқұлов көшесінен бастап Т.Өтегенов көшесімен жүріп отырып, Асарға жетіп, одан әрі кең жолдармен А-2 тас жолына дейін төтелеп шығып кетуге мүмкіндік туады. Осының бәрі де қалада кептелістің азаюы үшін, қала тұрғындарының өмірі қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін атқарылып жатқан жұмыстар.
Жол құрылысында ең басты мәселе сапа екені белгілі. Бүгінде қалада жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бақылауында. Бұл жол сапасына тәуелсіз сараптама жүргізетін бірегей құрылым. Шымкент қаласының әкімдігі осы орталықпен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілік танытып, жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөліп, сапаны барынша қатаң қадағалап келеді.